https://akbota.aitekebi.edu.kz/kz/e-es-beru-pun-ti-un-k-ryer-u-b-t-7.html#sigFreeId5d853de231
"Ақбота" мектепке дейінгі ұйымында балалардың дұрыс тамақтануы тақырыбында ата-аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазан айының жоспары барысында маман балаларға арналған пайдалы тағам түрлері, дұрыс тамақтану ережелері және күнделікті ас мәзірін құрастыру жолдары туралы жан-жақты мәлімет берді. Ата-аналардың сұрақтарына жауап беріліп, ұсыныстар айтылды.
Медбике: Жулаева А.А
"Ақбота"мектепке дейінгі ұйымының консультациялық пункті қараша айының жоспарына сәйкес ата-аналарға "Мектеп жасына дейінгі балалардың өмірінде музыканың рөлі"тақырыбы бойынша дәріс оқып, сайттардан мектеп жасына дейінгі балаларға арналған түрлі медиафайлдарды тыңдату және жүктеп алу туралы ақпарат-ұсыныстар берді.
Музыка жетекшісі: Карабалин Е.Р
https://akbota.aitekebi.edu.kz/kz/e-es-beru-pun-ti-un-k-ryer-u-b-t-7.html#sigFreeIdf4dd18078c
"Ақбота" мектепке дейінгі ұйымында ата-аналарға кеңес беру пунктінің қыркүйек айының жоспарына сәйкес "Отбасылық бақтың әліппесі" тақырыбында жан-жақты тренинг өткізіліп, ата-аналармен кең көлемде пікір алмасу ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында тәрбиеші Миранбекова С.Б отбасы – баланың тұлғалық қалыптасуының алғашқы және маңызды ортасы екенін атай отырып, ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі, оның эмоциялық дамуына ықпалы, отбасы ішіндегі сыйластық пен түсіністіктің маңызы туралы мазмұнды ақпарат берді.
Тренинг кезең-кезеңімен қызықты әдістер арқылы жүргізілді. Ата-аналар топтық тапсырмалар орындап, «Жылуы мол отбасы», «Түсіністік гүлдері» сияқты интерактивті жаттығуларға қатысып, отбасы құндылықтары жөніндегі өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, ата-аналарға баламен дұрыс қарым-қатынас орнату, жағдаяттарды оң шешу және бір-бірін қолдау жолдары бойынша тәжірибелік ұсыныстар берілді.
Іс-шараның мақсаты – ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету, бала тәрбиесіндегі бірізділікті нығайту, отбасы ішіндегі жағымды атмосфаны қалыптастыруға бағытталған тиімді тәсілдерді ұсыну болды.
Тренинг соңында ата-аналар белсенділік танытып, алған әсерлерімен бөлісті және іс-шараның пайдалы болғанын атап өтті.
Іс-шараны тәрбиеші Миранбекова С.Б жоғары деңгейде ұйымдастырып, сәтті жүргізді.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
| № | Атауы | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | КПР жоспар Акбота | |
| 2 | КПР буйрык Акбота |








